Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Тарих

1937-1938 жж. сталиндік жаппай саяси репрессия слайд, презентация

1937-1938 жж. сталиндік жаппай саяси репрессия

 

1937-1938 жж. сталиндік жаппай саяси репрессия

 

Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі  бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «…данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды. Ол – жалпы коммунистік идеологияның өзегі болып табылды. Коммунис­тік саясат пен идеологияға бағынды­рыл­ған мерзімді басылымдар партияның бүгіні мен ертеңі туралы мифтер мен мифологияны насихат жұмыстары арқылы адамдар санасына сіңіре берді. Мемлекеттік биліктің коммунистік партия мен оның басында тұрған жеке адамның қолына шоғырлануы қоғам­дық-саяси өмірде демо­кра­тияның шектелуіне әкелді. Шынайы демокра­тиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатты.
 


Категория: Тарих | Добавил: oldtraford7 (20.04.2017)
Просмотров: 912 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar