Latest Articles

Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті

В категории материалов: 82
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Боранбаев Өмірбек(1950 ж. т.), жазушы, драматург, актер. 1950 жылы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында туған.

1973 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік өнер институтының театр факультетін бітірген. Содан соң Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарыл,
1985 — 1995 жылдары Республикалық эстрада-цирк училищесінің директоры болды.
1978 жылы «Жалын» баспасынан «Өрімтал» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 868 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

ӘУЕЛҚАН Қалиұлы (15.10. 1939 жылы туылған, ҚХР, Шыңжаң-Алтай аймағы, Бурылшын ауданы Жетіарал ауылы) — әдебиет зерттеушісі, профессор (1992), Жазушы.

Шыңжаң педагогикалық институтынын бітірген (1959). Сол ин-тта (1959 — 78), Шыңжаң университетінде (1978 — 95) сабақ берді. 1995 жылдан Шыңжаң оқу-ағарту институтынының ректоры.

Оның Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелерін зерттеуге арналған “Жазушылықтың негіздері” (1981, Үрімжі), “Қазіргі Қазақ тілінің стилистикасы” (1991,“Қазақ ауыз әдебиет іне шолу” (1985, Үрімжі; Үздік еңбек сыйлығының, 1995) атты монографиялары және “әдебиетіміз туралы кейбір ойлар” (1995, Үрімжі) ғылым мақалалар жинағы, “Биіктеген там” әңгімелер мен эсселер жинағы, “Ауырлықты Жер көтереді” пьесалар жинағы жарық көрді. “Қазақтың байырғы тұрмыс-салт жырлары” деген кітабы ағылшын тілінде жарияланды (1997).

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 688 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

 

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов (12.05.1930 жылы туған, Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылы) — қазақ жазушысы.1954 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады. 

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1605 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

Әнуар Ипмағамбетов(1912-1996)-18 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында дүниеге келген. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты аяқтаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майдан газеттерінің тілшісі, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің жауапты хатшысы, Қазақ КСР Телевидение және радиохабары жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, Целиноград (қазіргі Астана) облыстық газетінің редакторы болып қызметтер атқарған.

1973 жылы оның «Жайықтың сол жақ бетінде» атты кітабы жарық көрді. Негізінен, аударма саласында еңбек етті.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 814 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

Әбу Сәрсенбаев (15.10.1905, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ботақан а. — 25.11. 1995, Алматы қ.) — ақын. ҚР-ның халық жазушысы (1996). Астрахандағы кеңес-партия (1929), Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы (1934) мектептерін бітірген. 1942-47 ж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатыскан. «Темір жолшы» газетінде (1934-36) редактор, Қазақтың мемлекеттік біріккен баспаларында (1936-42) директор, бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік оқу- педагогикалық баспасының (1947—53) директоры, Жазушылар одағында кеңесші (1953—58) болды.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3621 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

Әбдірашит Нәбиұлы Байболатов(4.6.1929 ж.т., Шынжаң Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Ақтөбе ауылы) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі.

“Үш аймақ әскеріне” қатысқан. 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы “Шұғыла” журналының, 1982 ж. “Мұра” журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған. “Өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин), “Қос емен” повестер жинағы (1987, Пекин), “Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді. “Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминңдаңшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген. Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп, “Қазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.), “Қазақ қиссаларын” (12 т.), “Қазақ шежіресін” (1 т.), “Қазақ шешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.), “Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 699 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

Айсарин Әбдірахман (1898 – 1938)

Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылында туған. Жазушы, публицист. 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919).[1] 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер, 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы, 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер, 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты, 1926 – 1932 жж.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 802 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

 

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2339 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

Шынбатыров Әбді Омарұлы – (1942 жыл, 15 тамыз Жамбыл облысы, Сарысу ауданы "Түгіскен"(Тоғызкент)-22 тамыз, 2012 жыл Алматы қаласы).[1].

1969 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіргеннен кейін, республикалық "Қайнар" баспасында редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет істеген. 1976 жылы Партия тарихы институтының аға ғылыми редакторы болып қызмет атқарған. 1978 жылдан "Мектеп" баспасында аға редактор, 1980-1992 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, кейін "Ана тілі" баспасында жетекші редактор, Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінде бас маман, республикалық "Ара-Шмель" газетінде бөлім меңгерушісі, "Жеті жарғы" баспасында қолжазбаларды өндіріске дайындау департаменті директорының орынбасары болды.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1010 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)

Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 775 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.02.2015 | Комментарии (0)