Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Аралас

Ағынды суларды тазарту әдістері слайд, презентация

Ағынды суларды тазарту әдістері

 

Ағынды суларды тазарту әдістері

 

Механикалық тазарту қалдық сулардағы   гравитациялық күштерінің әрекетімен үлкенірек тығыздығы болғанда,   тұнбаға түскен ерімейтін өлшенген  бөлшектерді, немесе  тығыздығы  кішірек ерімейтін  өлшенген бөлшектердің қалқып  щыққандағы бөлшектерді  тазарту  үшін  пайдаланады.
Физика - химиялық  тазарту олардың  физикалық күйлерін өзгертуге  негізделген, соңдықтан  олардың қалдықтардан  алып  тасталуын  жеңілдетеді. Ол мына  әдістермен жүзеге  асырылады: коагуляция, флокуляция, сору, флотация, экстрация, иондық  алмасу, тұндыру, тазарту, т.б
Химиялық  тазарту  ластанған заттардың  пайдаланған  реагенттермен реакцияға  түсетін  әдіс. Нәтижесінде ағынды сулардан жеңілдеу  жаңа заттар  құралады. Мұндай  химиялық  бейтараптандыру тазарту  әдісі  кең  таралған.
Бейтараптандыру химиялық әдіс,  қышқыл заттар мен  сілтілік заттардың  арасындағы  химиялық  реакция. Ол үшін  қышқыл және  сілтілік қалдық суларды  араластырады,  немесе  реагенттерді  қышқыл, сілтілік, кальций  содасы, аммиак   ерітінділері  түрінде қолданады, 
Биохимиялық  тазарту  әдісі  органикалық  қоспалардың  микроорганизмдердің  көмегімен  тотығуы кезінде,  өздерінің   тіршілік әрекеттерінің процессінде,  олардың  минералдарға  ыдырауынан  тұрады.  
Қыздырып  тазарту  әдісі  жоғары деңгейлі қалдық  суларда,  сонымен  бірге органикалық  улағыш заттар бар болғанда  пайдаланылады.
Бактериологиялық әдіс  ластанған қалдық  суларды зарарсыздандырады. Олар бактерия жойғыш шамдардын көмегімен, хлорлаумен, оттегінің  көмегімен және т.б тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның ішінде хлорлау  тәсілі  кең таралған.

 


Категория: Аралас | Добавил: oldtraford7 (20.04.2017)
Просмотров: 540 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar