Latest Articles

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 126
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 12 13 »

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.[2]

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3] Ол ирекпен белгіленеді.

Анықтауыш болатын сөз таптары


Анықтауыш болатын сөз таптары:

Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
Зат есімнен болады:
Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
Сан есімнен болады:

Қазақ тілі | Просмотров: 1662 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (1)

Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.

Қазақ тілі | Просмотров: 2091 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:

1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп[1];
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.
Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов).[2] Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда

Қазақ тілі | Просмотров: 1678 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (1)

Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. 

Қазақ тілі | Просмотров: 1572 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.

Мазмұны 


1 Морфологиялық сипаттары
1.1 Дара етісітіктер
1.1.1 Түбір етістіктер
1.1.2 Туынды етістіктер
1.1.2.1 Есім негізді етістіктер
1.1.2.2 Етістік негізді етістіктер
1.2 Күрделі етістіктер
1.2.1 Құранды етістік
1.2.2 Құрама етістік
1.2.3 Сараламалы етістік
1.2.4 Суреттеме етістік
1.2.5 Тұрақты етістік
2 Етістік формалары
3 Етістіктердің мағыналары
4 Тағы қараңыз:
5 Дереккөздер

Қазақ тілі | Просмотров: 1132 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Мазмұны 


1 Морфологиялық сипаттары
1.1 Негізгі үстеулер
1.2 Туынды үстеулер
1.2.1 Жалаң туынды үстеулер
1.2.1.1 Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер
1.2.1.2 Көнеленген формалар арқылы туған жалаң үстеулер
1.3 Күрделі туынды үстеулер
2 Үстеулердің мағыналары
3 Әдебиет
4 Дереккөздер

Қазақ тілі | Просмотров: 1977 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.[1] Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.[2]

Мазмұны


1 Есімдіктердің мағыналары
1.1 Жіктеу есімдіктері
1.2 Сілтеу есімдіктері
1.3 Сұрау есімдіктері
1.4 Өздік есімдік
1.5 Белгісіздік есімдіктері
1.6 Болымсыздық есімдіктері
1.7 Жалпылау есімдіктері
2 Дереккөздер

Қазақ тілі | Просмотров: 2285 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. 

 

Мазмұны 


1 Жалпы сипаты
2 Морфологиялық сипаттары
2.1 Негізгі сан есімдер
2.2 Туынды сан есімдер
2.3 Дара сандар
2.4 Күрделі сандар
3 Синтаксистік қызметі
4 Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары
4.1 Есептік сан есімдер
4.2 Реттік сан есімдер
4.3 Жинақтық сан есімдер
4.4 Топтық сан есімдер
4.5 Болжалдық сан есімдер
4.6 Бөлшектік сан есімдер
5 Әдебиет

Қазақ тілі | Просмотров: 1771 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Мазмұны


1 Морфологиялық сипаттары
2 Синтаксистік қызметі
3 Семантикалық топтары
3.1 Сапалық сын есімдер
3.2 Қатыстық сын есімдер
4 Дереккөздер

Қазақ тілі | Просмотров: 1882 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Қазақ тілі | Просмотров: 1848 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)