Latest Articles

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 126
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 12 13 »

Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз.

Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 1580 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:

тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).

Қазақ тілі | Просмотров: 835 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.[1]

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 1673 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Сөзжасамдық талдау - қазіргі сөзжасамдық жүйе көз-қарасымен сөз құрылысын анықтау, оны құрайтын морфемалардың, олардың бір-бірінің, сонымен бірге туынды мен тұбір негіздерінің байланысы мен ара қатынасының сипатын және мағынасын белгілеу.

Қазақ тілі | Просмотров: 1064 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.[1]

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
Қайрат баяндады;
балаларға баяндады;
Досанмен болған;
болған әңгіменің;
әңгіменің мән-жайын;
мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Қазақ тілі | Просмотров: 1489 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Синтаксистік құрылым - синтаксистік құралдардың тілдің грамматикалық ережелерінің негізінде бірігуі. Мысалы, сөз тіркесі құрылымы белгілі бір топтағы сөздердің белгілі заңдылықтар негізінде байланысынан жасалса, жай сөйлем құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардың сондай негізде бірігуінен тұрады. Құрмалас сөйлем құрылымын жай сөйлемдердің құрылымдық және олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктері жасаса, текст құрылымын оған бірігуші жай сөйлемдер мен құрамалас сөйлем құрылыстарының ерекшеліктері жасайды. Синтаксисте, сонымен қатар, есімді құрылым, етістікті құрылым, айқындауыштық құрылым, бірыңғай мүшелі құрылым, қыстырынды құрылым, жақты құрылым, жақсыз құрылым т. б. құрылымдар бар. Предикаттық құрылым дегеннен әр түрлі тұлғадағы сөздерден жасалған баяндауыштың құрылымы түсініледі. 

Қазақ тілі | Просмотров: 976 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Синтаксистік талдау - оқу және ғылыми мақсатында сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.

Қазақ тілі | Просмотров: 853 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Синтаксистік байланыс - сөздерді түрліше грамматикалық амал-тәсілдер арқылы мағыналық тұлғалық жақтарынан өзара тығыз байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер өзара синтаксистік байланысқа түсу үшін бір-біріне бағыныңқылық ыңғайда жұмсалуы керек. Бұл ретте бір сөйлем мүшесі басыңқылық қызметін атқарады да, екіншісі соған бағынып турады. Соған байланысты алғашқысы — басыңқы, соңғысы - бағыныңқы мүше деп аталады. Мен, ауыл, кел тәріздес жеке сөздерден сөйлем құралу үшін олар өзара Синтаксистік байланыста болуы қажет: ауылға (ауылдан - бағыныңқы мүше) келдім (басыңқы мүше), мен келдім (Мен ауылдан келдім). Синтаксистік байланыс әр уақытта да осылай бағыныңқылық ыңғайда бола бермей, кейде өзара тең дәрежеде келеді. 

Қазақ тілі | Просмотров: 796 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңгысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі.

Синтаксистік байланыс орыс. синтаксическая связь — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі.

Қазақ тілі | Просмотров: 1220 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Синтагматика 

Тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің бірі, оның негізгі объектісі — сөйлеу үстінде не мәтінде жүйелі орналасқан тілдік бірліктердің бір-бірімен тікелей тіркесуінен пайда болатын ерекше Синтагматикалық қатынастарды талдау. Бұл тұрғыда Синтагматика парадигматикаға қарама-қарсы құбылыс ретінде танылады;
Тілдік бірліктерінің арасында болатын, тура қалыптағы байланысты білдіретін — "сөйлеуде не мәтінде бір мезгілде іске асатын Синтагматикалық қатынас" ұғымының синонимі;
Синтагма туралы ілім; тілдік бірліктерінің горизонтал (келденең) қалпындағы Синтагматикалық қатынастары туралы ілім. Синтагматикалық қатынастар тіл деңгейлерінің бәрінде байқалатындықтан, олар фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық, лексикалық Синтагматика т.б. түрде қарастырылады

Қазақ тілі | Просмотров: 640 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)