Latest Articles

Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

В разделе материалов: 126
Показано материалов: 111-120
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 »

Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі, жазушы, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы һәм Жоғары ұлттық дәрежедегі төрешісі, спорт тақырыбына жазылған бірнеше кітаптың авторы. Несіп Жүнісбайұлы 1994 жылдан 2006 жылға дейін қазақ журналистері арасынан алғаш болып Азия спорт журналистері одағы атқару комитетіне, Азия олимпиадалық кеңесінің баспасөз комитетіне мүше болып сайланған, көрнекті спорт қайраткері.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 533 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.02.2015 | Комментарии (0)

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары “ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары “Алтай аясы” журналының редакторы, 1989 — 93 жылдары Шыңжаң теледидарында редактор қызметтерін атқарған. 1993 жылы сәуірде Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған. 1995 жылдан ҚазМУ-де дәріс оқиды.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 516 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.02.2015 | Комментарии (0)

Ермахан Әбдіраман (29.1. 1966. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы) - журналист, сықақшы. ҚазҰУ-ді бітірген (1993). 1986-88 жылдары Түркістан қаласындағы "Қайта қалпына келтіру" шеберханасында жұмысшы, 1991-92 жылдары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасында редактор, 1993 жылы "Түркістан" газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1995 жылы "Түркістан тынысы" телеарнасының директоры, 1995-96 жылдары "Тұран" телеарнасында редактор-режиссер.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 486 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.02.2015 | Комментарии (0)

ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5. 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы. Үшарал а. – 1997, Алматы) – жазушы. Шымкент сауда техникумын (1963), Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1969) бітірді. 1969 – 76 ж. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің, Қазақстан комсомол одағының және «Жалын» баспасының бірлесіп ұйымдастырған байқауында бәйгеге ие болған.[1]

Дереккөздер
Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 5-том

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 498 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.02.2015 | Комментарии (0)

Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (1900-1930). Қоғам және мәдениет қайраткері, ағартушы Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы 1900 жылы патшалық Ресей құрамындағы Ақмола облысы, Ақмола үйезінің Шу болысында көшпелі малшы отбасында дүниеге келді. Кенесары хан қолбасыларының бірі Мыңжасар батырдың немересі. Жеті ағайынды, үлкен ағасы Байсейіт Әділұлы – алғашқы революция жылдарындағы белгілі қоғам қайраткері.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 602 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.02.2015 | Комментарии (0)

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.[1] Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. 

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 7636 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 6027 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Адамбаев Балтабай Әбдірахманұлы (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы — 12.10.1990, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғалымдар Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылым қызметкері болды (1957 — 1986). Филология ғылымдарының кандидаты (1962). “Сырларым” (1959), “Ақбөбек” (1962), “Аманат” (1972), “Тұлпардың ізімен” (1983) аталатын өлең жинақтары, “Мәди” (1969), “Жауынгер жолы” (1978) повестер мен деректі әңгімелер кітабы жарық көрді. Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы “Шешендік” (1969), “Халық даналығы” (1976), “Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. “Қазақ ертегілері” (1962), “Шешендік сөздер” (1967), “Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі “Отан соғысы” орденімен марапатталған.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 671 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Ақышев Зейтін (1911 – 1991) - 18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған, жазушы, аудармашы.

Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды. 1955 – 1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965 – 1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970 – 1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 754 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Ақыт Қажы Үлімжіұлы (А. Алтайский) (1866(7), ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандапып, кітаптары өртендіріліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 578 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)