Latest Articles

Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

В разделе материалов: 126
Показано материалов: 121-126
Страницы: « 1 2 ... 11 12 13

Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.

А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 776 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Ақберен Елгезек – 1980 жылы, 24 қаңтар күні, Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері.

«Көлеңкелер күбірі» атты өлеңдер жинағының және "Болмаған балалық шақ" повесінің авторы.

Ақынның шығармалары баспасөз беттерінде, сайттарда жарияланған.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 669 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Ахмәди Адалбек - 1969 жылы 22 наурызда ҚХР, Алтай өлкесі, Жеменей ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Шыңжаң университетінің әлем тілдері факультетін бітірген. 1996 жылы атамекеніне біржола қоныс аударған. "Шолпан әлі туған жоқ" жыр жинағының авторы. 1993 жылы Шыңжаңда "Үкілі ырғай" атты таңдамалы жинақта жырлары жарық көрген. 1997, 1998 жылдары өткізілген Дүниежүзі қазақтарының жыр мүшайраларының, 2003 жылы өткен Махамбет Өтемісұлының республикалық тележыр бәйгесінің жүлдегері.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 583 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. “Талап”, “Қалың мал”, “Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 725 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.

Шығармашылығы
«Тақпақтар», «Ертіс шындығы», «Өлеңдер мен әңгімелер», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Өмір сызған өрнектер» кітаптары қазақ тілінде, «Меңдісүлу», «Адам туралы аңыз» кітаптары моңғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылған. « Талаптылар », « Ертіс жырлары », « Бірлестікшілер », « Сандуғаш » пьесаларының авторы. 1979 жылғы Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Моңғолияның «Еңбек Қызыл Ту», Алтын Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдарымен марапатталған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 685 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы.

Мазмұны 
1 Еңбек жолы
2 Шығармашылығы
3 Тарихи романдары
4 Романдары және тарихи сана
5 Марапаттары
6 Сыртқы сілтемелер
7 Дереккөздер
Еңбек жолы
1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1127 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 101-110 111-120 121-126