Latest Articles

Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

В разделе материалов: 126
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 12 13 »

Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Мазмұны 


1 Жалғану жүйесі мен формалары
1.1 Бірінші топ
1.2 Екінші топ
1.3 Үшінші топ
1.4 Төртінші топ
2 Әдебиет

Қазақ тілі | Просмотров: 999 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.

Мысалы:

Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,
Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.
Еңбек етіп күшті туған ерлер
Еңбекке ерте тұра бекін буады.
Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,
Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,
Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,
Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б.).
Қазақ тілі | Просмотров: 857 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Тәуелдік жалғауы, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Қазақ тілі | Просмотров: 1138 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Көптік жалғауы — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.

Қазақ тілі | Просмотров: 947 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.

Қазақ тілі | Просмотров: 789 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

  1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
  2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.
Қазақ тілі | Просмотров: 1212 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Түбір морфема - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйтқысы болып есептелінеді. Өйткені түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бір де біреуі яки бірнешеуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды.

Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей болып шыға береді. Мысалы, бас, тіл, жол, кел, жүр морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір морфема, әрі жеке сөз бола алады.

Қазақ тілі | Просмотров: 717 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Қосарлы талдау - қатардағы қарама-қарсы жұптарды біртіндеп ашуға құрастырылған лингвистикалық талдау. Мысалы, етістіктің шақ категориясын талдау келесі жұп қарама-қарсылықта болуы мүмкін:[1]

а) сол уақытта болған қимылды басқа уақыттағы қимыл-қозғалыспен қарама-қарсы қояды;
ә) сол уақыттағы сөйлемге шейін және одан кейінге бөлінеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 627 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Эллипсис (көне грекше: ἔλλειψις, еlleірsіs – сөз тастау, қысқарту, кеміту) — сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Элипсис сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Элипсисті сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің мәні белгілі болады. Мысалы, Жау келіп қалды… – келіп қалды. Элипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мыс., Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні? Әдеб.: Жұмалиев І., Әдебиет теориясы, А., 1960; Қазақ грамматикасы (фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис), Аст., 2002. С. Бизақов 

Қазақ тілі | Просмотров: 669 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Толықтауыш болатын сөз таптары


Толықтауыш болатын сөз таптары:

Зат есімнен болады

Қазақ тілі | Просмотров: 873 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 15.02.2015 | Комментарии (0)