Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша анекдоттар » Қожанасыр туралы

Қожанасырдың кедейді жақтауы

Қожанасырдың  кедейді  жақтауы

 Ертеде бір кедей жол жүріп келе жатып, бір байдың үйіне кіріп келеді. Сол кезде бай үйінде тамақ жеп отыр екен.

   Кедей:

   – Жол жүріп қарным ашып келеді. Жеп отырған тамағыңыздан ауыз тигізіңіз, байеке! – дейді.

   Бай:

   – Менің саған арнаулы тамағым жоқ,– деп жеп отырған тамағынан кедейге бермей, асыға-үсіге жеп қойыпты. Жеп отырғанда тамағымның үстіне келіп, жемесең  де иісін иіскеп қалдың ғой,– депті.

   Сонда кедей Қожанасырға бай мен екеуінің арасындағы оқиғаны айтып беріпті. Қожанасыр да бай мен кедей арасындағы болған  әңгімеге тез түсіне қалып байға:

   – Байеке, менде көп ақша бар. Саған ақша керек болатын болса, мен саған қалтамдағы ақшамнан керек десеңіз, барлығын қарызға берейін,– депті. Сонда бай:

   – Қане көрсетші ақшаңды,– депті.

 Қалтасындағы ақшасын суырып алып, байға көрсеткен екен, сонда бай:

   – Осы ақшаңды қанша болса да, қарызға бер.Ақшаға өте зәру едім,– деп Қожанасырдың етегінен ұстап жібермей жабысады.

  Қожанасыр:

  – Ойбай-ау, саған бұл ақшамды бере алмаймын, өзімнің қаражатыма керек, – деп ақшасын тезден қалтасына сала салып тұрып:

   – Ақшамның өзін алмасаң да, түсін көріп қалдың ғой,– деп Қожанасыр кедейді жақтаған екен.


Категория: Қожанасыр туралы | Добавил: Admin (25.10.2014)
Просмотров: 1140 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar