Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша анекдоттар » Қожанасыр туралы

Қожанасырдың ораза тұтуы

Қожанасырдың ораза тұтуы

Қожанасыр бұрын ораза тұтпаған екен. Келісімді ораза айы туар алдында әйелі бір күні: «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді оразаға  кіріс», – депті. Содан  Қожанасыр оразаға кірісіпті. Қандай іске болса да әрі шорқақтау, әрі аңқау Қожекең байқамай оразаның заңын бұза беріпті. Әйтеуір, әйелінің аңдып, бақылауымен үш-төрт күн ораза тұтыпты.

Жаздың ұзақ күнінде аш жүру Қожекеңе оңай соқпай, үш-төрт күн тұтқан оразасы жанына батыпты. Бұл елдің батыс жағында биік тау бар екен, күннің көзі таудан асып, көрінбей кететінін «Күн баттыға» саяды екен. Қожанасыр түс ауа болды, күннің көзі тауға жетіп жоғалатын кезін шыдамсыздана күтеді екен. Шыдамы кеткен Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп қара үйін бұзып, есегіне арта  бастайды. Әйелі аң-таң болып: «бұның не!» – деп  Қожекеңнің бірдеңеге былыққанын көріп безек қағыпты.

     Қожанасыр:

     – Үндеме, айла таптым, күннің қысқа жеріне барып отырамыз ораза біткенше,– деп таудың нақ терең сайына барып қара үйін тігіпті. Бұл жерде күннің көзі түс ауса болды, таудан асып көрінбей кетеді екен. Ал, Қожекең осыны аңдып тұрады да, күн батты, ауыз ашық,– деп әйелінің қарсылығына  қарамай, аузын ашып, оразаны осылай ұстаған екен.


Категория: Қожанасыр туралы | Добавил: Admin (25.10.2014)
Просмотров: 795 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar