Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша анекдоттар » Қожанасыр туралы

Қожанасыр мен хан

Қожанасыр мен хан

 Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып, ханның алдына жүгініп бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожанасыр хан алдына барғанда қойнына үлкен тасты салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кіріскенде, Қожанасыр қақырынып қояды. Хан бұрылып Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожанасыр ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі. Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем»,– деп тұр екен деген ойға келеді. Сондықтан хан сөзін салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды.

Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Бай кеткен соң хан күлімдеп, Қожанасырды жанына шақырып алып:

   – Ал, Қожеке, маған ризасың ғой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды  бер! – дейді.

   – Тақсыр, Сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді,– деп Қожа қойнындағы тасты алдына тастай береді.

   – Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойныңды көрсеттің, ол не дегенің еді?

   – Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, болмаса мына таспен ұрып жығам дегенім еді!» – депті Қожанасыр.


Категория: Қожанасыр туралы | Добавил: Admin (25.10.2014)
Просмотров: 1218 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar