Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша анекдоттар » Қожанасыр туралы

Категориядағы құжаттар саны: 14
Көрсетілген құжаттар саны: 1-10
Беттер: 1 2 »

Сұрыптау: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
0 Мешіттің мұнарасы

Мешіттің мұнарасы

Admin 25.10.2014 в 15:26

Мешіттің мұнарасы

 Бір жолаушы мешіттің мұнарасын көрсетіп:

   – Бұл не? – депті.

  Оған  Қожанасыр:

   – Бір құдыққа ит түсіп кеткен екен, құдықтың суын адалдау үшін суын қотарып тастап, өзін төңкеріп қойыпты,– депті.

.

Толығымен оқу
0 Қожанасырдың  құрбан  шалуы

Қожанасырдың құрбан шалуы

Admin 25.10.2014 в 15:25

Қожанасырдың  құрбан  шалуы

Қожанасыр құрбан шалуға жалғыз сиырын соймақшы болып, аяғы байланған малдың  үстіне әйелі мен баласын мінгізіп қойып, сиырын асыға-үсіге бауыздап  жіберіпті де, өзі сиырдың үстіне отыра кетіпті. Шала бауыздалған сиыр бұлқынып қалғанда, әйелі баласымен бірге ұшып түсіпті. Жығылған орнынан секіріп тұрып  «Қылкөпірден о дүниеде алып өткің келмейді ғой, қасақы неме! Боқты алып өтесің!», – деп жүгіріп барып анадай жерде жатқан арқанды ала сала әйелі мен баласын шала-жансар тыпырлап жатқан сиырдың үстіне етпетінен жатқызып қойып, арқанмен таңып тастапты. Ал, өзі жалма-жан мойнына мініп алыпты да, екі мүйізінен бар күшімен ұстап: «Айламды асырдым ғой, енді қылкөпірде қалай туласаң да құлап түспеймін», – деп масаттанған екен.

.

Толығымен оқу
0 Қожанасырдың ораза тұтуы

Қожанасырдың ораза тұтуы

Admin 25.10.2014 в 15:23

Қожанасырдың ораза тұтуы

Қожанасыр бұрын ораза тұтпаған екен. Келісімді ораза айы туар алдында әйелі бір күні: «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді оразаға  кіріс», – депті. Содан  Қожанасыр оразаға кірісіпті. Қандай іске болса да әрі шорқақтау, әрі аңқау Қожекең байқамай оразаның заңын бұза беріпті. Әйтеуір, әйелінің аңдып, бақылауымен үш-төрт күн ораза тұтыпты.

Жаздың ұзақ күнінде аш жүру Қожекеңе оңай соқпай, үш-төрт күн тұтқан оразасы жанына батыпты. Бұл елдің батыс жағында биік тау бар екен, күннің көзі таудан асып, көрінбей кететінін «Күн баттыға» саяды екен. Қожанасыр түс ауа болды, күннің көзі тауға жетіп жоғалатын кезін шыдамсыздана күтеді екен. Шыдамы кеткен Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп қара үйін бұзып, есегіне арта  бастайды. Әйелі аң-таң болып: «бұның не!» – деп  Қожекеңнің бірдеңеге былыққанын көріп безек қағыпты.

     Қожанасыр:

     – Үндеме, айла таптым, күннің қысқа жеріне барып отырамыз ораза біткенше,– деп таудың нақ терең сайына барып қара үйін тігіпті. Бұл жерде күннің көзі түс ауса болды, таудан асып көрінбей кетеді екен. Ал, Қожекең осыны аңдып тұрады да, күн батты, ауыз ашық,– деп әйелінің қарсылығына  қарамай, аузын ашып, оразаны осылай ұстаған екен.

.

Толығымен оқу
0 Қожанасырдың бір аяғы дәретсіз

Қожанасырдың бір аяғы дәретсіз

Admin 25.10.2014 в 15:22

Қожанасырдың бір аяғы дәретсіз

 Намаз оқу үшін Қожанасыр дәрет алмақ болып, қолына құман алады. Құмандағы суы бір аяғына жетііп, бір аяғына жетпейді. Сөйтіп бір аяғы дәретсіз мешітке кірген Қожанасыр жалғыз аяғымен қаздай қақшиып тұрады. Қожаны көріп мешіттің сопысы:

     — Қожеке, мұныңыз қалай, қаздай қақшиып тұрсыз? депті.

    Оған Қожанасыыр аспай-саспай:

    — Бір аяғым дәреттен өтіп, бірі дәретсіз қалады. Сондықтан дәретсіз аяғым мешіттің жайнамазын былғамасын деп дәретсіз аяғымды көтеріп тұрмын,– деп жауап беріпті.

.

Толығымен оқу
0 Қожанасырдың дәрет алуы

Қожанасырдың дәрет алуы

Admin 25.10.2014 в 15:20

Қожанасырдың  дәрет алуы

 Қожанасыр ағып жатқан өзен жағасына келіп дәрет алып отырса, бір аяғындағы кебісі суға түсіп, ағып кетіпті. Таңданып қарап отырса, кебісінен айрылатын түрі бар, сонда Қожанасыр жұдырығын түйіп, суға қарап:

   — Ал дәретіңді, бер кебісімді,– деп ұмтыла беріпті.

.

Толығымен оқу
0 Оразаның неше күні өтті?

Оразаның неше күні өтті?

Admin 25.10.2014 в 15:16

  Оразаның  неше күні өтті?

 Қожанасыр оразаның неше күні өткенін білу үшін әр күні оразаның өткен күніне атап бір ыдысқа тас салып жүреді екен. Күндердің бірінде Қожанасырдың  баласы көріп қалып, бір уыс тасты тастап жіберіпті. Оразаның неше күні өткенін білу үшін халық жиналып келіп:

     — Қожеке, бүгінге дейін оразаның неше күні өтті? – депті.

    Қожанасыр ойланып :

     —  Азырақ сабыр етіңіздерші, аздан соң жауабын айтайын, - деп үйіне еніп кетеді де, әлгі күніне біреуден тастап жүрген  ыдыстағы  тасын санай бастайды. Тастың барлық саны  63 болып шығады.

    — Барлығын айтсам сенбейсіңдер ғой. Бүгінге дейін оразаның 45 күні болыпты,– деді .

   Оған халық:

   — Оразаның өзі отыз-ақ күн қалай көбейіп кетті,– депті.

   Қожанасыр ашуланып:

   — Тағы да түгел айтпадым ғой, шынына келгенде 63 күн болыпты. Тағы қаншасы бары белгісіз,– депті.

.

Толығымен оқу
0 Емдеуші мен қасаптың айырмасы

Емдеуші мен қасаптың айырмасы

Admin 25.10.2014 в 15:12

Емдеуші мен қасаптың айырмасы

 Бір күні жұрт жиылып Қожанасырдан әңгіме сұрайды:

   – Емдеуші мен қасаптың арасында қандай айырмашылық бар?

   Қожанасыр:

   – Қасап әуелі сойып, соңынан терісін алады, ал емдеуші әуелі терісін сыпырып, соңынан өлтіреді де тынады,– депті.

.

Толығымен оқу
0 Қожанасыр мен би

Қожанасыр мен би

Admin 25.10.2014 в 15:10

Қожанасыр мен би

Бір бидің сиыры  Қожанасырдың еккен егінін жеп қойыпты. Қожанасыр бидің өзіне барып:

    – Биеке-ау, бөтен біреудің сиыры екінші біреудің еккен егінін жеп тауысса, оның үкімі не болады? – депті.

    Би үлкен сары тысты кітабын қолына алып, ашып көріп:

     – Сиырдың  иесі шариғат жолы  бойынша желінген егіннің құнын төлейді, – депті.

     – Олай болса, сіз егіннің құнын төлеңіз, сиыр сіздікі де, егін біздікі,– депті алақанын жайып.

     – Иә, солай деңіз! – деп ойланып тұрып, қолындағы сары түсті кітапты былай қоя беріп, басқа бір кітапты алып бетін аша беріпті.

     Сонда Қожанасыр:

      – Ашпай-ақ қойыңыз, тақсыр би, сіздің сиырыңыз менің егінімді жегенше, қолыңыздағы  көк  кітапты жесе, анағұрлым тәуір болатын еді,–  депті.

Қожанасырдың есегі

 Күндердің  күнінде жоғалып кеткен есегін іздеп жүрсе, алдынан бір құрдасы жолығыпты.

   Қожанасыр:

   – Менің есегімді көрдің бе? – деп жоқ қарап жүргенін айтыпты.

   – Ия, көрдім. Есегің мынау бір қаладағы мешітке сопылық міндетін өтеп жүр, - депті.

   Қожанасыр:

   – Дұрыс, дұрыс, мен де оған жастайынан құлағынан сыбырлап «сопы боларсың» деуші едім,– деп Қожанасыр есегін қайтып іздемей құрдасымен бірге кете беріпті.

Қожанасыр мен баласы

 Қожанасырдың баласы құдық басында отырып нан жепті де, құдыққа нанын түсіріп алып, айқайлап жылай беріпті. Үйден жүгіріп шыққан Қожанасыр:

   – О, не болды, не болды? – депті.

   Баласы солқылдап жылап:

   – Наным құдыққа түсіп кетті,– дейді.

  Қожанасыр құдықтың түбіне үңіліп, суға түскен өзінің суретін көреді де ашуланып:

   – Жас баланың нанын тартып алып жегенше, өле қалсаң болмай ма? – деп жерді бір теуіп, жүре беріпті.

.

Толығымен оқу
0 Қожанасырдың есек суаруы

Қожанасырдың есек суаруы

Admin 25.10.2014 в 15:09

Қожанасырдың есек суаруы

 Күндердің бір күні Қожанасырға  әкесі есекті суарып келуді тапсырады.

    Оған Қожанасыр:

    – Жоқ, бара алмаймын,– депті.

    – Ие, неге?

    – Ернім жарылып кетіпті, - деп жауап беріпті Қожанасыр.

   Әкесі ашуланып:

    – Есекті суаруға еріннің қандай қажеттігі бар? – деп жекіпті.

   Сонда  Қожанасыр:

    – Есек су ішіп тұрған кезде мен «ішт-ішт» деп ысқырып тұруым керек емес пе? – депті. 

.

Толығымен оқу
0 Қожанасыр мен мырза

Қожанасыр мен мырза

Admin 25.10.2014 в 15:07

Қожанасыр мен мырза

 Қожанасыр жарлы болған адам екен. Бір күні жаяу кіре тасып, кәсіп қылып, тамақ асырамақ болады. Базарға жаяу келіп, кірешілердің қасында тұрса, бір мырза келіп дүкеннен жаңа сатып алынған бір сандық кесе, шыны аяқ, тас-табақ сияқты ас ішетін ыдыстарды үйіне жеткізіп беруді сұрайды.

  Қожанасыр:

   – Үйіңізге алып бару ақысына не бересіз? – дейді.

   – Алып бару ақыңа мен саған үш ауыз бек мағыналы, қасиетті сөз үйретемін,– дейді мырза.

«Ақша басқалардан да табылады ғой! Мұның бек қасиетті сөзін естіп қалайын» деген оймен  Қожанасыр «жарайды» дейді. Қожа ауыр сандықты көтеріп, иесіне еріп келе жатып біраз жер жүрген соң:

   – «Қане, мырза, қасиетті мағыналы сөзіңізді айтсаңыз екен», – дейді Қожанасыр. Жолаушы айтады:

   – Жақсы, айтайын. Бірінші сөз мынау – егер біреу аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағайсың!

   – Жарайды, бұл бек мағыналы сөз екен, – дейді Қожанасыр.  

    – Енді екінші сөз мынау – жаяу жүру жанға тыныш десе, еш уақытта нанбағайсың, – дейді мырза.

    – Бұл да зор мағыналы сөз екен, – дейді Қожанасыр.

    Үйдің жанына келіп, қақпаға кірердің алдында тұрып:

    – Мырза, енді үшінші сөзді айтсаң екен, – дейді Қожанасыр.

    Мырзаның үшінші сөзі:

    – Егер жаяу кірешінің сенен ақылсызы бар деуші болса, оған да нанбағайсың! – дейді.

   Сонда Қожанасыр төбесіндегі сандықты жерге тастап жіберіп:

    – Егер біреу бұл сандықтың ішінде сынбай қалған нәрсе бар десе, сен де еш уақытта нанбағайсың! – деп қайтып жүре берген екен.

.

Толығымен оқу
1-10 11-14