Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Әдебиет

Шәкәрім Құдайбердиев слайд, презентация

Шәкәрім Құдайбердиев

 

Шәкәрім Құдайбердиев

 

Шәкәрімнің Мәуен деген бәйбішісінен туған Сұпиян деген баласы ертеректе, жиырма бесінші жылдары қайтыс болып кеткен еді. Екінші өмірлік қосағы Айғаншадан тараған бес  ұл, үш қыз сүйеді. Үлкен ұлы Қапыр(Ғафур) еш жазасыз, ешбір тергеусіз түрмеде жабылуы  аса ауыр қасіретке әкеліп ұрындырады. Өр мінез, қайыспас Қапыр жалған жалаға шыдамай, түрмеде жатып, тамағын кездікпен орып жіберіп, шапши аққан қанға қарап жатып бейшара халде дүниеден өткен. Араға бірнеше күн салып, Қапырмен бірге қосақтала түрмеге жабылған Баязит деген ұлы да тап солай  өзін-өзі өлтіреді.Шәкәрімнің Қабыш деген ұлы талма аурулы болғандықтан, сағалап еш жаққа кете алмай, Абай атасының қабірінің басына барып, қасиетті моланы айқара құшақтап жатқан қалпында аштан өледі. Бала-шағасыда аштықтан қырылады.Қажының тағы бір ұлы  Ахат бұл кезде бидай салығын төлемеді деген өтірік жаламен сотталып кеткен болатын. Өзі қазаға ұшырар алдында , қыркүйек айында Шәкәрім кенже ұлы Зиятты  Идаят деген ауыл адамына қосып, шекерадан өтетіндермен бірге Қытай асырып жіберіп үлгереді. Қоштасқандағы айтқаны: Менің өлігімді сен көрме, сенің өлігіңді мен көрмейін”. Ахаттан үш жас кіші Зияттың 28 –дегі кезі еді.
 



Категория: Әдебиет | Добавил: oldtraford7 (10.04.2017)
Просмотров: 448 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar