Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Аралас

Құқықтық мемлекет туралы слайд, презентация

Құқықтық мемлекет туралы

 

Құқықтық мемлекет туралы

 

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кантжасады. Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.

 


Категория: Аралас | Добавил: oldtraford7 (01.04.2017)
Просмотров: 1110 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar