Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Технология

Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру слайд, презентация

Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру 

 

Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен

 

Қазіргі кезде мата қиындыларынан құрақ құрау өз алдына бір өнер түріне жатады. Матадан құрақ құрау өнері жылдан-жылға тез қарқынмен дамуда. Онымен түрлі жастағы адамдар айналысады. Ресейде, басқа да елдерде осы өнер аясында фестивальдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда да ұлттық бұйымдар көрмелерінде құрақтан жасалған бұйымдарды көптеп кездестіруге болады. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен. әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігеміз.
Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.
Технология деген не ?
Қандай жұмыс болмасын оны іске асыру барысында істелінетін іс-әрекет. Мысалы, сызба, үлгі түсіру, түс таңдау, үлгі даярлау, қию, тігу т.б. Осының бәрі құрау технологиясы.
Интерактивті тақта бойынша құрақ түрлерін көрсету. Енді құрақты топтастыру.

 

 

 

    


Категория: Технология | Добавил: oldtraford7 (16.02.2017)
Просмотров: 1236 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar