Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Ұлттық мерекелер

Бөлімдегі құжаттар саны: 23
Көрсетілген құжаттар саны: 1-10
Беттер: 1 2 3 »

0 16 желтоқсан тәуелсіздік күні ашық сабақ бастауыш сынып

16 желтоқсан тәуелсіздік күні ашық сабақ бастауыш сынып

Admin 28.10.2014 в 20:37

16 желтоқсан тәуелсіздік күні ашық сабақ бастауыш сынып(Тәуелсіз елім Қазақстан!)

 

                                                                            Тәрбие сағаты.                                                             
                                     Тәуелсіз елім Қазақстан!
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
    Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
   Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

.

Толығымен оқу
0 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Admin 27.10.2014 в 23:35

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

.

Толығымен оқу
0 16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий

16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий

Admin 27.10.2014 в 23:32

16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий

 

Тақырыбы:«Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.

Барысы:Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Гимназия мектебінің 3 «А» сыныбының оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толып отыр.

.

Толығымен оқу
0 Тәуелсіздік күні ашық тәрбие сағаты (Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан)

Тәуелсіздік күні ашық тәрбие сағаты (Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан)

Admin 27.10.2014 в 23:30

16 желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағаты (Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан)

 

  «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» 
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
1-Жүргізуші :  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен.
Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған Ар-намысым, қасіретім; мақтанышым-желтоқсан атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

.

Толығымен оқу
0 16 - желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағаты

16 - желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағаты

Admin 27.10.2014 в 23:27

16 - желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағаты(Тәуелсіздік - тірегім)

 

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім»
Мақсаты:
Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, көк жалаушалар, шарлар.

.

Толығымен оқу
0 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне 24 жыл тәрбие сағаты

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне 24 жыл тәрбие сағаты

Admin 27.10.2014 в 23:23

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне 23 жыл тәрбие сағаты(Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері)

 

ОҚО, Түркістан қаласы
«Түркістан» көпсалалы медицина колледжінің физика және информатика пәнінің оқытушысы Рысбекова Гүлмира Шамшидинқанқызы


16 желтоқсан – Тәуелсіздіктің 23 жылдығына орай 
«Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты еске алу кездесу кеші.

Тақырыбы:       Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері.
Өтетін күні:  2013 жыл желтоқсанның 12-і күні
Өтетін орны: Колледждің  данқ залы
Тәрбие сағатының мақсаты:      1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

.

Толығымен оқу
0 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма(Тәуелсіздікке 23 жыл)

16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма(Тәуелсіздікке 23 жыл)

Admin 26.10.2014 в 14:43

Тәуелсіздікке 23 жыл

 

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»
( Н.Назарбаев )

Жоспар:
Кіріспе
Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
Негізгі бөлім
1.Тарих беттерін парақтасақ…
2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары.
3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным.
Қорытынды
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.

.

Толығымен оқу
0 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма(Тәуелсіз Қазақстан)

16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма(Тәуелсіз Қазақстан)

Admin 26.10.2014 в 14:30

Тәуелсіз Қазақстан

 

Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік.

У.Годвин.


  Отан дегеніміз не? Отан сөзі - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз... 

  Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзі көрді. 

  Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда біздің тәуелсіздігімізге 21 жыл орындалды. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі. 

.

Толығымен оқу
0 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма

16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма

Admin 26.10.2014 в 14:24

Қазақстан, Қазақстан алтын күн, 
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. 
Аталдың сен барлық әлем тілінде, 
Атыменен қазақ деген халқыңның.

Қазақстан елім менің берекем, 
Татулыққа тұтқа болған жыр мекен. 
Жер жаҺанға шашу болып шашылсын, 
Арайланған Тәуелсіздік мерекем. 


«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. 
Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан  жазуға мүмкіндік алдық. 
Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. 

.

Толығымен оқу
0 1 желтоқсан тұңғыш президент күні

1 желтоқсан тұңғыш президент күні

Admin 26.10.2014 в 14:05

Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады. 
Н.Назарбаев 1993 жылы Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анықтап берді. Ал 1997 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған. Онда: «...Қазақстан индустриялық-иновациялық елге айналуы керек» деген. Яғни, Қазақстан өзге елдердің тек шикізат шығаратын аймағы ғана болып қалмай, әлемде теңдессіз мол жер байлығымызды өзіміз өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуымыз қажеттігі де айтылған. 

.

Толығымен оқу
1-10 11-20 21-23