Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Әдебиет

Нарманбет Орманбетұлы слайд, презентация

Нарманбет Орманбетұлы

 

Нарманбет Орманбетұлы

 

Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адамгершілік, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оныфилософиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған (“Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”)[2]. Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Ол орыс отаршылдығын, ел басындағы қасіретті, азаттыққа қол жеткізуді жырлаған (“Аждаһаның аузында”, “Ұран”, т.б.). Патшаның тақтан құлауын қуана қарсы алып, “Тілекті берген күн” [3]атты өлеңін шығарса, оның “Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” [4]атты өлеңдері махаббат, жастық тақырыбына арналған. Нармамбет 1918 жылы Қарқаралыда совдептің уездік судьясы болып қызмет істеп жүргенде ауырып қайтыс болған. Абай дәстүріндегі Нармамбет сол кездің өзінде белгілі ақын, әрі шешен болған. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығармаларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып және 1939-1944 жылдардағы хрестоматияларда жарияланған.

 


Категория: Әдебиет | Добавил: oldtraford7 (03.04.2017)
Просмотров: 1268 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar