Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Тарих

Ұлы Отан соғысы (2) слайд, презентация

Ұлы Отан соғысы (2)

 

Ұлы Отан соғысы (2)

 

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның Бессарбеделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния абия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. 
              
     


Категория: Тарих | Добавил: oldtraford7 (09.04.2017)
Просмотров: 763 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar