Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » География

Өзбекстан туралы слайд, презентация

Өзбекстан туралы

 

Өзбекстан туралы

 

Өзбекстан өңірі жер бедері жөнінен солт.-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т.б. жоталардан құралады, бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария,Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл, қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Ө. аумағы Орталық Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңтүстік Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит, сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды. Климаты тым континенттік, қуаң.
 


Категория: География | Добавил: oldtraford7 (04.04.2017)
Просмотров: 1731 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar