Соңғы мақалалар

Басты бет » Мақалалар » Қазақша слайдтар » Аралас

Тіршілік қауіпсіздігі туралы слайд, презентация

Тіршілік қауіпсіздігі туралы

 

Тіршілік қауіпсіздігі туралы

Зиянды заттар
Қазіргі уақытта 7 млн-нан астам химиялық зат белгілі. Оның 60 мың түрі түрлі салаларда қолданылады: тағамға қоспа ретінде – 5500; дәрілік зат ретінде – 4000; тұрмыстық химиялық препарат ретінде – 1500. Осы қосылыстар жылдан-жылға қоршаған ортаны ластап, түрлі ауруларға соқтыруда.    Ағзаларға  қолайсыз  әсер  ететін   және  ауруларға   әкеліп соқтыратын    заттарды  төмендегідей  топтарға бөліп көрсетуге болады:            1) концерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir  — рак, генезис  —    шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі  уақытта  шамамен  500  осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен  және  басқа  да  полициклді  ароматтық     көмірсулар,     ультракүлгін сәулелер,   радиоактивті   изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер,    нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір  вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін,   кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.   Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген   фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ   пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. 

 


Категория: Аралас | Добавил: oldtraford7 (07.04.2017)
Просмотров: 533 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar